Конкурс
Опубликовано в Инициативы • 20 июля 2022 г.
«Энергия үнемдеу: идеядан – әрекетке»
байқауының ережесі
Бұл байқау «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен EcoBatys әлеуметтік бастамасы аясында өткізіледі. Байқау тұрақты энергия идеясын және энергия үнемдеу әдістерін халық арасында кеңінен тарату, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы озық тәжірибелерді насихаттауды мақсат тұтады.
Байқауға 7 жастан асқан жеке тұлғалар мен азаматтық тұлғалар қатыса алады.
Байқау Маңғыстау облысының аумағында өткізіледі және өңірлік мәртебеге ие.
Аталымдар және байқау жұмысына қойылатын талаптар
Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:
1-аталым. Энергия үнемдеу туралы видео
Байқауға энергия үнемдеу және энергия тиімді технологияларды қолдану тәжірибесі туралы баяндайтын бейнероликтер қабылданады.
Бейнеролик бейнекамераға, фотоаппаратқа, ұялы телефонға түсіріліп, кез келген бейнередакторда өңделуі керек. Видеода анимациялық кірістірмелерді пайдалануға болады.
Видеоның ұзақтығы 30 секундтан 3 минутқа дейін болуы тиіс.
Бейнеролик Instagram немесе кез келген әлеуметтік желіде мемлекеттік немесе орыс тілінде жариялануы тиіс, сондай-ақ байқауды ұйымдастырушының @ekomangystau парақшасын және #EcoBatys2022 хештегін белгілеу қажет.
2-аталым. Энергия тиімділігі туралы фоторепортаж
Фоторепортаж фотосуреттер топтамасынан тұрады және сіздің энергия үнемдеу тәжірибеңізді баяндайтын суреттердің мәтіндік сипаттамасы Instagram немесе кез келген әлеуметтік желіде мемлекеттік немесе орыс тілінде жариялануы тиіс, сондай-ақ байқауды ұйымдастырушының @ekomangystau парақшасын және #EcoBatys2022 хештегін белгілеу қажет.
Суреттердің саны: 5-тен 10-ға дейін.
Әр аталым бойынша ұсынылған жұмыстар екі санат бойынша бағаланады:
Байқауды өткізу шарттары
Байқауға Instagram немесе кез келген әлеуметтік желіде ұйымдастырушының @ekomangystau парақшасын және #EcoBatys2022 хештегін белгілеген бейнероликтер мен фоторепортаждар қабылданады.
Байқауға қатысу үшін бір қатысушыдан түсетін өтінімдер саны шектелмейді.
Байқауға мынадай жұмыстар қабылданбайды:
- көпшілік мақұлдаған мораль мен этика нормаларына сай келмейтін бейнелері бар жұмыстар;
- осы конкурсқа қатыспаған заңды немесе жеке тұлғалардың интернетке жариялаған жұмыстары (немесе оның бөлігі).
Бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемдері мыналар:
- байқау тақырыбына сай болуы, тақырыпты аша білу;
- ақпаратқа бай болуы;
- энергия үнемдеу тәжірибесін қайталау мүмкіндігі;
- фото немесе бейне материалдың көркемдік қасиеті;
- фото немесе бейне материалдың техникалық күрделілігі;
- бейнеролик және жазбаға қойылған лайктар мен қалдырылған пікірлер.
Байқауды өткізу тәртібі
Байқауға жұмыстар 2022 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады. Бейнероликтер мен фоторепортаждар Instagram немесе кез келген әлеуметтік желіде байқауды ұйымдастырушының @ekomangystau парақшасын және #EcoBatys2022 хештегін белгілеу арқылы жарияланады. Жарияланған материалға сілтемені ұйымдастырушының info@ecomangystau.kz электрондық поштасына жіберу керек.
Үздік жұмыстардың авторы ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапатталады.
Байқаудың жүлде қоры:
«Энергия үнемдеу туралы видео» аталмында екі жас санаты бойынша мынадай 3 жүлде қарастырылған:
7 жастан 15 жасқа дейінгі жас санатында:
· 1 орын 50 мың теңге
· 2 орын 40 мың теңге
· 3 орын 30 мың теңге
15 жастан асқан қатысушылар санатында:
· 1 орын 50 мың теңге
· 2 орын 40 мың теңге
· 3 орын 30 мың теңге
«Энергия тиімділігі туралы фоторепортаж» аталымында екі жас санатында мынадай 3 жүлде қарастырылған:
7 жастан 15 жасқа дейінгі жас санатында:
15 жастан асқан қатысушылар санатында:
Ақшалай сыйлықты төлеу кезінде Ұйымдастырушы салық агентінің рөлінде әрекет етеді. Байқаудағы ақшалай жүлделерден жеке табыс салығы ұсталады. Байқауға қатысу арқылы Қатысушылар, оның ішінде Жеңімпаздар, Қазақстан Республикасы Салық заңнамасының көрсетілген нормасымен танысқанын растайды.
Егер лайықты үміткер табылмаса, сарапшылар комиссиясы бір немесе бірнеше жүлдені бермеуге шешім қабылдауы мүмкін.
Сарапшылар комиссиясы кез келген аталым бойынша жеңімпаз болмаған жағдайда жүлде қорын біріктіруге және/немесе қайта бөлуге құқылы.
Сарапшылар комиссиясы Байқауға қатысушыларды басқа да арнайы дипломмен және сыйлықпен марапаттауға құқылы.
Ақшалай сыйлықтарды Жеңімпаздарға немесе олардың ресми өкілдеріне табыстау міндеті Байқау ұйымдастырушыларына жүктеледі. Ұйымдастырушы жүлделі орынға сәйкес ақшалай сыйлықты Байқау Жеңімпазы ұсынған банк деректемелеріне аударады.
Авторлардың материалын пайдалану
Байқауға қатысу үшін ұсынылған материалдардың авторлық құқығының сақталуына материалды байқауға ұсынған қатысушы жауапты.
Материалды ұсына отырып, қатысушы осы материалды Байқау ұйымдастырушылардың Байқау мақсаттарына сәйкес коммерциялық емес мақсатта пайдалану құқығын растайды.
Байқауға қатысу тәртібі туралы қосымша ақпаратты байқаудың үйлестірушісі Наталья Зоринадан мына телефон арқылы алуға болады: 87785886369
Положение о конкурсе
"Энергосбережение: от идеи к действию"
Данный конкурс проводится НПУ «Эко Мангистау» при поддержке филиала компании «Шелл Казахстан» и Центра поддержки гражданских инициатив в рамках экологических инициатив «EcoBatys» с целью распространения идей устойчивой энергетики и методов энергосбережения среди широких слоев населения, содействия продвижению лучших практик по энергосбережению и повышению энергоэффективности.
К участию в конкурсе приглашаются физические лица от 7 лет и юридические лица.
Конкурс является областным и проводится по всей Мангистауской области.
Номинации и требования к конкурсным работам
Конкурс проводится в следующих номинациях:
Номинация 1. Видео об энергосбережении
К участию принимаются видеоролики, рассказывающие о практике энергосбережения и применения энергоэффективных технологий.
Ролик должен быть снят на видеокамеру, фотоаппарат, мобильный телефон и обработан в любом видеоредакторе. Видео также может содержать анимационные вставки.
Продолжительность от 30 секунд до 3-х минут
Ролик должен быть размещен в социальной сети Инстаграмм или любой другой на государственном или русском языке с отметкой страницы организатора конкурса @ekomangystau и #EcoBatys2022
Номинация 2. «Энергоэффективный фоторепортаж»
Фоторепортаж должен состоять из серии фотографий и краткого текстового описания в посте на государственном или русском языке в социальной сети инстаграмм или любой другой, с отметкой страницы организатора конкурса @ekomangystau и #EcoBatys2022, рассказывающий о Вашем опыте энергосбережения.
Количество фотографий: от 5 до 10.
Работы, представленные в каждой номинации, будут оцениваться по двум категориям:
Условия проведения конкурса
На Конкурс представляются видеоролики и фоторепортажи в социальной сети Инстаграм или любой другой с отметкой страницы организатора конкурса @ekomangystau и #EcoBatys2022.
Количество заявок для участия в Конкурсе от одного участника не ограничивается.
Не принимаются для участия в Конкурсе:
- работы, содержащие изображения, не соответствующие общеустановленным нормам морали и нравственности;
- работы (или их части), размещенные в сети Интернет юридическими или физическими лицами, не являющимися участниками данного конкурса.
Критерии оценки
Критериями оценки являются:
- соответствие тематике конкурса, раскрытие темы;
- информативность;
- возможность тиражирования рассматриваемой практики энергосбережения;
- художественные достоинства фото- или видеоматериала;
- техническая сложность фото- или видеоматериала.
- Лайки и комментарии под видео и постом
Порядок проведения конкурса
Срок предоставления работ на конкурс – до 30 августа 2022 г видеоролики и фоторепортажи размещаются в социальной сети Инстаграмм или любой социальной сети с отметкой страницы организатора конкурса @ekomangystau и #EcoBatys2022. Ссылку на размещенный материал необходимо направить на электронную почту организатора info@ecomangystau.kz
Авторы лучших работ будут награждены денежными призами и дипломами.
Призовой фонд конкурса:
В номинации «Видео об энергосбережении» предусмотрено 3 призовых места в двух возрастных категориях со следующим призовым фондом:
В возрастной категории с 7 до 15 лет:
· 1 место 50 тысяч тенге
· 2 место 40 тысяч тенге
· 3 место 30 тысяч тенге
·
В возрастной категории с 15 лет и старше:
· 1 место 50 тысяч тенге
· 2 место 40 тысяч тенге
· 3 место 30 тысяч тенге
В номинации «Энергоэффективный фоторепортаж» предусмотрено 3 призовых места в двух возрастных категориях со следящим призовым фондом:
В возрастной категории с 7 до 15 лет:
В возрастной категории с 15 лет и старше:
При выплате денежного приза Организатор выступает в роли налогового агента. Денежные призы по настоящему Конкурсу облагаются ИПН. Принимая участие в Конкурсе, Участники, в том числе Победители, считаются надлежащим образом проинформированными об указанной̆ норме Налогового законодательства РК.
Экспертная комиссия может принять решение не присуждать одну или несколько премий в случае, если не найдется достойного претендента.
Экспертная комиссия вправе объединять и\или перераспределять призовой фонд в случае отсутствия победителя по какой-либо номинации.
Экспертная комиссия вправе также поощрить участников Конкурса иными специальными дипломами и призами.
Передача денежных призов Победителям или их официальным представителям осуществляется Организаторами Конкурса путем перевода денежных средств, в соответствии с занятым призовым местом, на своевременно предоставленные банковские реквизиты Победителя Конкурса.
Использование материалов автора
Ответственность за соблюдение авторских прав на материалы, представленные к участию в Конкурсе, несет участник, выдвигающий материал на соискание.
Предоставляя материал, участник подтверждает право организаторов Конкурса использовать данную публикацию в некоммерческих целях в соответствии с целями Конкурса.
Дополнительную информацию о порядке участия в конкурсе можно получить у координатора конкурса Зориной Натальи по тел: 87785886369
Опубликовано в Инициативы • 20 июля 2022 г.